Бос орындар жәрмеңкесі: құтқарушылар мамандықтың артықшылықтары туралы айтты

Бос орындар жәрмеңкесі: құтқарушылар мамандықтың артықшылықтары туралы айтты

Облыс орталығында бос орындар жәрмеңкесі өтті, онда ШҚО ТЖД құтқарушылары ең игілі, ерлік мамандығын қалай игеру керектігі туралы нақты айтып берді.

Құтқару қызметінің өкілдері және ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин   атындағы азаматтық қорғау Академиясының курсанттары ТЖ жүйесінің ерекшеліктерімен бөлісе отырып, беделді мамандық, кәсіби оқу және өсу мүмкіндіктері ТЖД қызметкерлерінің алдында ашылатынын айтты.

Қызығушылық танытқандар пайдалы ақпаратарын алды, қызықтырып жүрген сауалдарын қойды, жұмысқа орналасу туралы сұрақтарын қойып құтқарушылардың жұмысына деген қызығушылық ықпалдары артты.

Сонымен қатар, құтқарушылар Өскемен қ. №33 Абай Құнанбаев атындағы мектепке барып, түлектер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Академия курсанттарының қатысуының арқасында, оқушылар оқуға түсу ережелерін, қалай лейтенант шенін алуға болатынын және болашақ азаматтық қорғау офицерлерінің оқытылатын жағдайлары туралы егжей-тегжейлі біле алды.

Осындай іс-шаралар жұртшылықты ТЖ жүйесіндегі мамандықтар туралы хабардар етуде маңызды рөл атқарады және құтқару қызметі саласына жаңа кадрларды тартуға ықпал етеді