
Тұрғын үй секторындағы кең ауқымда жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары аясында және от жағу маусымының жақындауы себебінен Семей қ. ТЖб және "ӨСжАҚЖ" ММ Семей қ. Жасағы қызметкерлері қаламыздың тұрғын үй секторында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Аталған жұмыс тұрмысы төмен отбасыларында да жүргізілді. Рейдтік жұмыстарға "Лидер KZ" жастар ұйымының еріктілері және "Ана мен бала" ұйымының қызметкерлі белсенді түрде қатысты. Жұмыс барысында халыққа тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары түсіндірілді, ӨҚ талаптары көрсетілген үгіт-насихат материалдары табысталды, көшедегі көрінекі орындарға жаднамалар ілінді, дауысты дыбыс байланысы арқылы өрт қауіпсіздігі ережелері айтылып жеткізілді. Көп балалы отбасыларының үйлеріне улы газдың мөлшерін анықтайтын анализаторлар қойылды.
Осы бағыттағы жұмыстар от жағу маусымы аяқталғанша жалғасын таппақ.
Отқа абай болыңыздар!
Семей қаласы ТЖБ АҚСҚҚАжБТ Саида Торайғырова