
ШҚО ТЖД құтқарушылары мен "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушілері "Құндызбен" трендтік роліктің өз нұсқасын түсірді.
Ролікте олар өрт қауіпсіздігі ережелері - бұл жай ғана сөз емес, өмір мен денсаулықты сақтаудың кепілі екеніне назар аударды.
Мамандандырылған жасақтың өрт сөндіруші-құтқарушысы Шыңғыс Сейлханов - «Құндызбен» бірге ауысымға түсіп, құтқарушылар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күнделікті немен айналысатындарын көрсетті.
️Нені есте сақтау маңызды:
Қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз.
Балаларға сіріңке мен оттықпен неге ойнауға болмайтынын түсіндіріңіз.
Өрт болған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Роликті қараңыз, шабыттаныңыз және: сіздің қауіпсіздігіңіз - өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!
Әнді Влад Лоскутов пен Наташа Дружинина орындады, «Үміт» балалар үйінің музыкалық жетекшісі Ерболат Матабаев.