
Өскемен қаласында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған арнайы күштер мен құқық қорғау құрылымдары арасында спорттық қол жекпе-жегінен облыстық турнир өтті. Спортшылар түрлі салмақ категорияларында күресіп, жоғары дайындықпен әдемі күрес көрсетті, мұнда бірнеше жауынгерлік өнердің элементтері - бокс, дзюда, самбо және басқа да спорт түрлері үйлескен.
Турнирге ШҚО ТЖД қызметкерлері де қатысты.
Қызықты әрі қиын спорттық жекпе-жектің нәтижесінде құтқарушылар жалпы командалық екінші орынды иеленді.
55 кг салмақта:
1-орын Октябрьский к. 20-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Арман Мұсатай
3-орын Өскемен қ. 4-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Али Маратов
60 кг салмақта:
1-орын Серебрянск қ. 19-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Ерназ Тұрсынбеков
3-орын Алтайский к. 21-ӨСБ қарауыл бастығы Данияр Адиков
70 кг салмақта:
3-орын Өскемен қ. 3-ӨСБ бөлімше командирі Берік Қыстаубаев
95 кг салмақта:
2-орын Өскемен қ. 4-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Бекжан Қизат
Мұндай турнирге қатысу тек патриоттық емес, сонымен қатар төтенше жағдайларға қарсы күрестегі күнделікті тапсырмаларды орындау үшін маңызды, өйткені олар құтқарушыларға шыдамдылық рух күшімен төтенше жағдайда әрекет етуге дайындық береді