
ҚР ТЖМ ХІV қысқы спартакиадасы Қарағанды қаласында өтті. Әр облыстың құтқарушылары арқан тарту мен волейбол бойынша жеңіс үшін күресті. Барлығы 25 команда қатысты.
Жеңіс үшін күрес оңай болған жоқ. Шығыс Қазақстан құтқарушылары сенімділікпен ойнап, арқан тарту мен волейболдан екінші орын иеленді. Спартакиаданың “Үздік ойыншысы” номинациясын Өскемен қ. 9 ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Асхат Қанатбеков жеңіп алды.
Спортшыларды қарсы алғанға ШҚО басшылығы, әріптестері және туыстары келді.