ШҚО ТЖД тәлімгерлік бойынша семинар өтті

ШҚО ТЖД тәлімгерлік бойынша семинар өтті

Іс-шараға жас қызметкерлер, олардың тәлімгерлері және ТЖ ардагерлері мен зейнеткерлері қатысты. Басты мақсаты – қызмет өткеруге қатысуға әдістемелік көмек көрсету.

Тәлімгерлік – қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлердің кәсіби дағдыларын жоғарылатуға, жұмыста келеңсіз жағдайларды болдырмауға әсер етеді, сондай-ақ әрі қарай дамытуға жағдай жасайды.

Іс-шара барысында құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің алдында тұрған тапсырмалар мен мәселелер талқыланды, тәлімгерлер мен зейнеткерлер төтенше жағдайлармен күресте және азаматтарды құтқару кезіндегі үлкен тәжірибелерімен бөлісті. Бұл жерде тәлімгер үлкен рөл атқарады, біріншіден өзінің білімімен бөліседі, жас әріптестеріне мүмкіндіктерін көрсетуге және қиындықтырды жеңуге көмек береді.

ШҚО ТЖД психологтары жас қызметкерлермен бейімделу және шұғыл жағдайлар бойынша тренинг өткізді.

Осындай кездесулер қызметін енді бастағандарға шабыт береді. Тәлімгерлік тәжірибесі ШҚО ТЖД алдағы уақытта да жалғасын табады.