Мамандық өмірдің мәнін береді

Мамандық өмірдің мәнін береді

ШҚО ТЖД құтқарушылары алғашқы әскери және технологиялық дайындықты  оқытушылармен Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысты. Конференцияда жастарды әскери қызметке дайындау және азаматтарды әскери-кәсіптік бағдарлау мәселелері бойынша күш құрылымдары мен облыстық білім беру органдарының өкілдері баяндама жасады.  ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов қатысушыларға құтқарушылардың кәсібі және жұмыстың ерекшелігі, қызметтің артықшылықтары және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өткізілген іс-шаралар, сондай-ақ облыста жүргізілген құтқару жұмыстары туралы айтып берді.

Іс-шара барысында техника мен жабдықтар көрмесі өтті, онда құтқарушылар жаңа заманауи байланыс құралдары мен жабдықтарды көрсетті, оларды ШҚО ТЖД қызметкерлері өңірдегі авариялық-құтқару жұмыстарында қолданады.

Конференцияға қатысқан 150 оқытушы азаматтардың әскери-кәсіптік бағдарын дәріптеу бойынша ұзақ мерзімді жұмыста көптеген пайдалы ақпарат пен ұсыныстар алды.