
Карбышева көшесі бойынша пеште ұмыт қалған тамақ өрттің себебі бола жаздады.
21 сағат 35 минутта «101» қызметіне 9 қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде түтіннің иісі туралы хабарлама келіп түсті. Түтін шығып жатқан, 1 қабатта орналасқан, пәтерге келіп жеткен ТЖ қызметкерлерінің есікті қаққанына ешкім жауап бермеді. Сол себептен отпен күресушілер терезе торын бұзып кіруге шешім қабылдады. Асүйде орташа деңгейдегі түтіндеу байқалды.
Ведомствода, 2020 жылдың басынан бастап өрт сөндірушілер осы іспеттес жағдайларға 30-дан астам рет шыққандығын айтады.
Плитада тамақтың күйіп кетуі – былай қарағанда, аса бір шошырлық құбылыс емес сияқты. Түтіннен кішкентай балалар, үлкен адамдар, тыныс органдары ауруымен ауыратан тұлғалар зардап шегуі мүмкін, ал плитада тамағы күйіп кеткен, пәтер иесі бұл кезде не дүкенде, не көршілерде жүреді немесе ұйықтап жатады. Ең қорқыныштысы – оның жану өнімдерімен уланып, ешқашанда оянбай қалу қаупі бар!
Есте сақтаңыздар! Кез келген электрқыздырғыш құрылғылар сияқты, электр пеші өзіне мұқият қарауды талап етеді! Ешқашанда дайындалып жатқан тамақты қараусыз қалдырмаңыз!
30 тамызда 12 сағат 17 минутта Вокзальная көшесіндегі 2 үй иесіне арналған жекеменшік тұрғын үйдің алаңының жалпы алаңы 80 шаршы метр болатын жабынының ағаш құрылыстары, терезелері мен есік блоктары, сондай-ақ шаруашылық құрылысының ағаш құрылыстары жанды. Өрт себебі бойынша версиялар қарастырылуда: - 1) қасқана өртеу; 2) отпен абайсыз болу.
Өскемен қаласының ТЖБ тұрғындарға қарапайым өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау қажеттігін ескертеді. Үйден шыққан кезде, электр құрылғыларын қосулы күйінде қалдырмаңыздар, ашық отпен абай болыңыздар және алғашқы өрт сөндіру құралын алыңыздар.
Өскемен қаласыныңТЖБ ақпараты