Жылу беру кезеңіне дайындық

Жылу беру кезеңіне дайындық

Өткен 2019-2020 жылдардағы жылу беру кезеңінде Шемонаиха ауданында жылыту пештерін орнату мен пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу себебінен шыққан 14 өрт тіркелген. Өрттен болған шығын 3 млн. теңгеден асты.  

Осындай өрттердің негізгі себептері жылыту жүйесі мен қондырғысын пайдалану кезіндегі, атап айтқанда пештік жылу беруді жиі сызат түскен түтін мұржасымен пайдалану, қабырғалардың, қалқандардың, арақалқалардың жанғыш конструкциясына дейін ара қашықтықсыз, сонымен қатар пештің алдындағы металл табақсыз пайдалану өрт қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу болып табылады. Пештің үстіне кептіру үшін қалдырылған үй заттары мен басқа да жанғыш материалдар да қайғылы жағдайға ұшыратады.           

Қыс кезінде өрттердің туындауына жол бермеу мақсатында, сонымен қатар аудан тұрғындарына түсіндіру үшін өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен аула аралау арқылы үгіт-түсіндірме жұмысы жүргізілуде. Халықтың әлеуметтік-осал топтары тұратын үйлерде улы газды табатын датчиктер орнатылуда. 

 

Шемонаиха ауданының ТЖБ