На территории Семейского региона за прошедшую неделю зарегистрированы 8 пожаров

На территории Семейского региона за прошедшую неделю зарегистрированы  8 пожаров

2020 жылғы 24 тамыз бен 01 қыркүйек аралығында тұрғын үй секторында 8 өрт болды.

2020 жылғы 28 тамызда 20 сағат 15 минутта "101" пультіне Жанатайұлы көшесінде болған өрт туралы хабарлама келіп түсті. Жеке тұрғын үйде, от жағатын бөлме төбесінің ағаш құрылымдары жанған. Өрт алаңы 8 ш. м. өрттің себебі-жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу;

2020 жылғы 30 тамызда 04 сағат 24 минутта Пристанская көшесінде өрт шықты. Жеке тұрғын үйде жуынатын бөлмеде керілген төбе жанған. Өрт алаңы 2 ш. м. Өрттің себебі-электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу.

Орын алған өрттердің негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, халықтың отпен абайсыз болуы болып табылады.

Сондай-ақ осы өткен аптада құрғақ шөптің 3 жану жағдайы тіркелді.

Тұрғын үй секторындағы өрттердің негізгі себептері:     

- пешпен жылытудың ақаулығы немесе оны пайдалану ережелерінің бұзылуы, осы себеп бойынша негізгі өрт орындары саяжай үйлері, моншалар, жеке меншік үйлер, қатты отынмен жанатын пештер пайдаланылатын құрылыстар болып табылады. Пештің қызатын бөліктерінен ғимараттардың жанғыш құрылымдарына дейінгі арақашықтықты сақтамау жанғыш материалдарды, жиһаз заттарын пешке жақын орналастыру немесе монтаждау кезінде өртке әкеледі.

- электр сымдарының немесе тұрмыстық электр жабдықтарының ақаулығы, өрттің негізгі себептері ток өткізгіш сымдардың оқшаулауының механикалық зақымдануы немесе электр желісінің шамадан тыс жүктелуі болып табылады. Бір уақытта желіге бірнеше үлкен қуатты электр тұтынушыларын (электр шәйнегі, электр жылытқыш, электр пеші, микротолқынды пеш, кір жуғыш машина және т.б.) қосу ток өткізгіш желілердің қызуына және оқшаулаудың еруіне әкеледі, нәтижесінде электр желісінің қысқа тұйықталуы орын алады және жанғыш материалдарға тиген кезде металдың қызған бөлшектері олардың жануын бастайды.

Семей қ.ТЖБ қызметкерлері апта сайын тұрғын үй секторында үлкен жұмыстар жүргізуде. Қолайсыз отбасылар бойынша бірлескен рейдтер өткізу жоспарында ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс, барлық бұқаралық ақпарат құралдары (радио, баспа, теледидар) арқылы халық арасында үгіт-насихат жұмыстары күшейтілді.

Семей қ. ТЖБ барлық азаматтарға өрттің алдын алу оңай екенін ескертеді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып, сіз өз өміріңізге ғана емес, айналаңыздағы адамдардың өміріне де қауіп төндіресіз!!!

 

Семей қ. ТЖБ ЗҚҚАжАҚСБТ инженері            Азамат Кунафин