Мамандықты дұрыс таңдау!

Мамандықты дұрыс таңдау!

Мамандықты дұрыс таңдау-болашақ табыстың кепілі және ертеңгі күнге деген сенімділік!

ШҚО ТЖД қызметкерлері М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясының курсанттарымен бірлесіп Академияға түсу шарттарын түсіндіру мақсатында облыс орталығындағы мектептердің біріне барды. Әңгіме барысында оқушылар өздерінің қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды. Курсанттар балаларға жоғары білімі бар, білікті офицерлерді даярлау бойынша республикамыздың жалғыз жоғары оқу орнында оқитындықтарын мақтан тұтатындықтарын айтты, Академияда тек ұлдар ғана емес, қыздар да оқитынын атап өтті.

Академияның күндізгі бөлімге қабылдау комиссиясы келесі кезеңдерде өткізіледі:

  1. Кандидаттардың оқу ісін зерделеу;
  2. Денсаулық жағдайына байланысты медициналық-психофизиологиялық тексеру арқалы оқуға жарамдылығын анықтау;
  3. Кандидаттардың дене дайындығын тексеру;
  4. Оқуға қабылдау бойынша конкурс өткізу;
  5. Конкурс қорытындысы бойынша курсанттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешімі шығады.