
Онлайн оқыту-бұл "осында және қазір" режимінде интернет арқылы білім алу мүмкіндігі.
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының “Örken” Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының" алаңында ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бас маманы Дина Бексұлтанова онлайн режимде су тасқыны кезеңіндегі іс-қимыл алгоритмі туралы айтып берді.
Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік оларға дайындық арқылы қамтамасыз етіледі.Осыған байланысты облыста су тасқынына қарсы іс-шаралар әзірленді: комиссиялар құрылып, қардың еруі мен өзендердің ашылуына тұрақты бақылау ұйымдастырылып, су тасқыны жағдайы туралы күнделікті хабардар етіліп, арналар мен каналдар тазартылады, өзендердің жағасындағы су қоймаларында нығайту жұмыстары жүргізіледі.
Өткізіліп жатқан барлық іс-шаралармен қоса, үйлері су тасқыны қаупі бар аймағында болуы мүмкін адамдарға арналған негізгі ұсыныстармен танысудың пайдасы бар. Ең алдымен :
үйді бекіту үшін инертті материалдардың дайындап,
үйдің аумағын қардан тазартыңыз,
қар мен қоқыстан арықтарды, каналдарды тазалаңыз,
су тасқыны қаупі туындаған жағдайда ғимараттардың жоғарғы қабаттарына немесе шатырларына бағалы үй заттарын көшіріп,
көкөніс,консерв қорларын жертөлелерден көтеріп, ықтимал эвакуацияға дайындалу қажет.
Сабақ барысында облыс мектептерінің оқушылары мен педагогтеріне қауіпсіздіктің негізгі ережелері жеткізілді.
Онлайн диалог түріндегі ақпарат оқушыларға слайдтар мен оқу бейнелерін қарап, қызықты түрде ақпаратты оңай сіңіруге мүмкіндік береді.