Өрттің алдын алуда маңызды көмек

Өрттің алдын алуда маңызды көмек

"Ауыл" партиясының аудандық мәслихатының депутаты Тоқтархан Қамбаров өз қаражаты есебінен 20 түтін датчигін сатып алып, оларды Үлкен Нарын ауданы ТЖБ құтқарушыларына әлеуметтік осал азаматтардың үйлеріне орнату үшін берді. Өрт хабарлаушы, өрт кезінде түтін болған жағдайда "дабыл сигналын" береді және осылайша қауіпті аймақтан уақтылы эвакуациялауға, демек, өмірді сақтауға көмектеседі.