Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 36 жыл

Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 36 жыл

Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылуының мерейтойы аясында ШҚО ТЖД құтқарушылары ШҚО ТЖД Ардагерлер кеңесінің қатысуымен интернационалист жауынгерлерді еске алу монументіне гүл шоқтарын қойды.
Жыл сайын тарихи естелікті сақтау мақсатында осындай і-шараны өткізіп тұрамыз. Біздің қатарымызда жас жауынгерлер үшін нағыз үлгі болып табылатын интернационалист –жауынгерлер зейнеткерлер бар екенін мақтан тұтамыз.
ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Тимур Чанышев әлі-де қатарымызда, 1996 жылдан бері төтенше жағдайлар жүйесінде азаматтардың қауіпсіздігіне бола жұмысын атқарады. Ол Гардез қаласында 2 жыл қатардағы жауынгер ретінде жеке шабуыл десанттық бригадасында қызмет атқарды.
Осы атаулы күні ШҚО ТЖД құтқарушылары «Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханаға» барып Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылу күніне арналған көрмесіне қатысып қайтты.
Еске алу күні- бейбітшілік пен азаматтардың тыныштығын қорғап, өз өмірлерін құрбан еткердерге және барлық үйлеріне аман-есен қайтқандарына, әскери және азаматтық борышын адал және батыл орындаған барлық әскери-интернационалистерге алғыс.