
Сыбайлас жемқорлық ұлтты ққауіпсіздікке,әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіреді. Заң бойынша кез-келген адам осы зұлымдыққа қарсы тұруға белсенді қатысуға құқылы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам мемлекеттің қорғауында болады («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 24-бабының 3-тармағы). Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады. Егер сіз ШҚО ТЖ департаменті қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз, бұл туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 8-7232-57-01-44 сенім телефоны арқылы хабарлауыңызға болады.