
ҚР ТЖМ АМО ММ ШҚО бойынша филиалының бригадалары әртүрлі төтенше жағдайларға соның ішінде өрттерге, жол-көлік оқиғаларына, суицид әрекеттеріне және шараларға медициналық көмек көрстетуге шығады. 2024 жылы 583 шақыртуға барып, оның ішінде 112 азаматқа медициналық көмек көрсетілді, оның 10-ы балалар. Көбінесе зардап шеккендер күйік, көмірқышқыл газымен улану және әртүрлі жарақаттардан зардап шегеді. 35 адам эвакуацияланып, оның ішінде 7-і балалар, 31 адам ауруханаға жатқызылды.
АМО қызметкерлері жетуі қиын шалғай аудандарға барады, медициналық мекемелерден айтарлықтай қашықтықта орналасқан елді мекендерден тыс жерде жұмыс істейді. Бригада құрамына дәрігерлер, фельдшерлер, санитар-жүргізушілер, ал ТМҚП-да құтқарушы-санитар кіреді. Жұмыс реанимобиль көліктерінде жүзеге асырылады, ол көлік өмірлік маңызды функцияларды бақылау үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Мұндай жұмыста жақсы дәрігер болу ғана емес, батылдық пен мықты мінез қажет екенін түсіну маңызды. Бригадалар кейде үлкен шиеленіс пен жауапкершілік жағдайында, апат аймағында жұмыс істейді.