
ШҚО ТЖД Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.
Іс-шарада қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдау, тіркеу және арыздарды қарау, СДТБТ ақпараттық жүйесінде электрондық форматта қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері талқыланды. «Электрондық форматта қылмыстық сот ісін жүргізу туралы нұсқаулықтың» талаптарын сақтауға және есепке алу-тіркеу тәртібін бақылауға көп көңіл бөлінді.
Семинарға ТЖД анықтау бөлімінің мамандары, аумақтық бөлімшелердің анықтаушылары, ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының кезекші-диспетчерлік қызметі қатысты. Бейнеконференцбайланыс режимінде қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары мен анықтаушылары, инженерлік-инспекторлық құрамы, МӨСБ және ӨСБ кезекші-диспетчерлік қызметтің қызметкерлері қатысты.
ТЖД қызметкерлерінің қойылған сұрақтарына, прокуратура өкілдерінен тиісті түсініктемелер берілді.
Мұндай семинарлар ТЖ қызметінің қызметкерлеріне өтініштерді тіркеу және қарау кезінде бұзушыдықтардға жол бермеуге, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізу кезінде кемшіліктерді болдырмауға көмектеседі.