Жүкті әйел ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағымен шұғыл жеткізілді

Жүкті әйел ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағымен шұғыл жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласынан Өскемен қаласына жедел медициналық көмекке мұқтаж 1989 ж.т. жүкті әйел жеткізілді.

Аталмыш операция ұшқыштар Анатолий Козловский, Олег Алфеев, бортмеханик Ерғазы Сабдиров және пациентке қажетті медициналық қолдауды қамтамасыз еткен санавиация дәрігерлерімен жүргізілді.

Шұғыл медициналық рейстер барлық қатысушылардың жоғары кәсіби даярлығын және үйлесімді жұмысын талап етеді. Экипаж мен дәрігерлердің жедел іс-қимылының арқасында болашақ ана Өскеменнің медициналық мекемесіне аман-есен жеткізілді, оған қажетті көмек көрсетілуде.

Қазақстанның ТЖМ жедел медициналық көмекке мұқтаж пациенттерді шұғыл эвакуациялауды қамтамасыз ете отырып, өмірді құтқару жөніндегі маңызды миссияны орындауды жалғастыруда.