
ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов Зайсан ауданында болды, жұмыс сапары барысында ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Кеңесте су тасқыны кезеңіне дайындық және алдын алу іс-шараларының барысы белсенді талқыланды.
Рашид Блялов Зайсан қаласындағы, Кенсай, Шалқар, Қаратал және Дайыр елді мекендерінде орналасқан су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралап көрді . Аудандағы ағымдағы жағдаймен танысты.
Рашид Блялов: "Су тасқыны қаупін азайтатын және елді мекендерді қорғауды алдын ала қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін уақтылы жүргізу маңызды", - деп атап өтті.
Басты қорытынды - тұрғын үйлер мен тіршілік ету объектілерін су басуға жол бермеу үшін барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейту бойынша міндеттер қою.