Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 5 адам құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 5 адам құтқарылды

Ұлан ауданында Борсақ ауылынан 5 шақырым қашықтықта жолдың жабық учаскесінде қар құрсауында 5 адам мінген екі жеңіл көлік тұрып қалды.

ТЖД құтқарушылары адамдарды Өскемен қаласына эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖД ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады!