Ең бастысы-қауіпсіздікті қамтамасыз ету: ШҚО-да су тасқынына дайындық бойынша брифинг өтті

Ең бастысы-қауіпсіздікті қамтамасыз ету: ШҚО-да су тасқынына дайындық бойынша брифинг өтті

Бұқаралық ақпарат құралдарымен өткен брифингте "Қазгидромет" филиалының гидрология бөлімінің бастығы Инкар Асқарова қазіргі уақытта облыстың жазық аумағының басым бөлігінде қар жамылғысындағы су қорының көрсеткіштері орташа көпжылдық мәндерден жоғары екенін атап өтті. Үлкен Нарын ауданында, Өскемен қаласында (Ново-Ахмирово), Ұлан ауданында, Глубокое ауданында және Марқакөл ауданында топырақтың қату тереңдігі былтырғы мәндерден жоғары. Қар жамылғысының биіктігі 11 см-ден 136 см-ге дейінгі аралықта орналасқан. ШҚО таулы аудандарында нормадан асқан ең көп қар қоры Риддер қаласында, Алтай ауданында, Катонқарағай ауданында байқалады. Өзендердегі мұздың қалыңдығы 12 см-ден 77 см-ге дейін аралықта.

Наурызда бір айдағы орташа ауа температурасы нормадан 2°жоғары болады деп күтілуде. Жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады деп болжанады.

"Қазгидромет" алдын ала бағалау бойынша Шығыс Қазақстан облысы су тасқыны қаупі жоғары өңір болып табылады.

Айта кету керек, болжамдар онкүндік, апталық және күнделікті болжамдармен нақтыланған консультативтік түрде қарастырылуы керек.

"ШҚО жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды қамтамасыз ету қызметінің" басшысы Рафик Симбиновтың деректері бойынша облыста алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында жағалауды нығайту бөгеттерін ұлғайтуға, каналдар мен арықтарды, су өткізу құрылыстарын, көпірлерді тазартуға ерекше назар аударылды. 64 мың дана мөшек қаптар, 9 мың инертті және 263 тонна жанар-жағармай материалдарының резерві құрылды

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов өңірде 1 ақпаннан бастап облыс әкімінің өкіміне сәйкес жоғары дайындық режимі жарияланғанын айтты.

Жағдай қиындаған жағдайда 2511 адамнан тұратын, 935 бірлік техника, 46 бірлік жүзу құралдары, 242 бірлік мотопомпалар бар күштер мен құралдар тобы құрылды. Облыс бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен жалпы сыйымдылығы 21 мыңнан асатын 182 халықты уақытша орналастыру пункті анықталды.

Жергілікті атқарушы және мүдделі органдар өкілдерінен, ТЖ департаменті мамандарынан тұратын жұмыс топтары таяу күндері су тасқыны кезеңіне дайындығын және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін тексеруді жоспарлануда.

Бұқтырма өзенінде Алтай, Үлкен Нарын аудандарында және Катонқарағай аудандарында, Күршім ауданындағы Күршім өзенінде, Шемонаиха ауданындағы Уба өзенінде және Марқакөл ауданындағы Қалжыр өзенінде профилактикалық жарылыс жұмыстарын жүргізу қажет болатын учаскелер анықталды.

Облыста 6-7 наурызда "Көктем - 2025"Республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған.

Құтқарушылар үйлерді аралап, су басу қаупі төнуі мүмкін халыққа нұсқау береді.

ШҚО ТЖД тұрғындарға көктемгі кезеңге дайындалуды ұсынады:

- аула аумағын қардан, арықтар мен каналдарды мұздан тазарту-бұл еріген судың ағуын қамтамасыз етеді

- мүмкіндігінше үйінділерге арналған мөшек қаптар мен импровизацияланған инертті материалдардың болуы

Төтенше жағдай кезінде дереу 101 және 112 телефондары арқылы хабарлаңыз.