«Өмір тамшысы» айдарының кейіпкері

«Өмір тамшысы» айдарының кейіпкері

 Ағламбеков Думан - ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы және Облыстық қан орталығының доноры

Қызметте ғана емес, одан тыс жерлерде де өмірді сақтап қалуға дайын тұратын адам туралы айтпақпыз. Ол 2015 жылдан бастап қан мен оның компоненттерін үнемі тапсырып келеді. Оның есебінде 43-тен астам донация және 130 – дан астам адам құтқарылды-дәл осы науқастар оның немқұрайлы еместігінің арқасында сауығып кетуге мүмкіндік алды.

 Күрделі және қауіпті жұмысына қарамастан, Думан әрдайым қан орталығына келіп, көмекке мұқтаж адамдарға тағы бір қадам жақсылық жасауға уақыт табады. Ол үшін донорлық – бұл саналы таңдау және өмір салты, үміт пен өмір сыйлау жолы.