
Түнде Өскемен қаласында Қазақстан көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің бірінде 4-қабаттағы пәтерде өрт орын алды.
Құтқарушылар баспалдақ маршымен құтқару қалпақтарының көмегімен 8 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарып, 15 адамды эвакуациялады.
Өрт 15 ш. м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖД ескертеді: түтіннің көп шоғырланған жерінен сақ болыңыз! Ащы түтінмен бірнеше тыныс алу адамды өлімге алып келуі мүмкін!