
ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары химиялық және радиациялық қауіпті объектінің (“УМЗ” АҚ) мамандарын оқытты.
Теориялық және практикалық сабақтармен қатар тыңдаушылар үшін топтық және іскерлік ойындар ұйымдастырылды.
Азаматтық қорғаныстың инженерлік құрылыстарымен танысу үшін қорғаныс құрылысының және құрама эвакуациялық пункттің макеттері көрсетілді.
Сондай-ақ, "Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдары", "Өрт қауіпсіздігі", "ТЖ кезіндегі психологиялық көмек" және "Халықты радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау" және "Зардап шеккендерге алғашқы көмек" тақырыптары қаралды.
Алынған ақпаратты бекіту үшін тыңдаушылар білімнің жоғары деңгейін көрсете отырып, қорытынды тестілеуден өтті.
Қорытындысы бойынша әрбір тыңдаушыға оқудан өткені туралы сертификат табыс етілді.