
Өскемен қаласында, Кривонос көшесінің бойында жеке үйдің аумағында моншаның жануы орын алды.
Жақын маңдағы ғимараттарға өрттің таралу қаупі туындады.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерімен өрт 20 шаршы метр аумақта тоқтатылды. Көрші тұрған ғимараттарды өрттен қорғап алып қалды.
Зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД монша үй-жайларында пешпен жылытуды және электр сымдарын бақылауды ұсынады.
Өрт қауіпті жағдайды уақытында жойсаңыз, өрттен аулақ бола аласыз.
Өрт болған уақытта 112 нөмірі бойынша дереу хабарлау қажет.