
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов КжТЖБ ЖҚИТ бас маманы О. Кулаковамен бірлесіп М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу тәжірибесінен өтуге келген курсанттарымен кеңес өткізді. Исхар Савазов заңдылық пен тәртіпті сақтау маңыздылығын түсіндірді.
Тәжірибеден өту барысында Азаматтық қорғау академиясының курсанттары азаматтық қорғау органының құзіреттілігін жүзеге асыру тәртібін, төтенше жағдайларды алдын алу және жоюды жоспарлауды зерделейді. Облыстағы су басуды, қар көшкінін, сейсмикалық қауіпсіздікті бақылау үшін қолданылатын ақпараттық ресурстармен танысады.
Тәжірибе – оқу барысының ең маңызды бөлігі және оқудың негізгі этапы, тәжірибе арқылы болашақ құтқарушыларды жеке қызмет жасауға дайындауға болады.