Өрт қауіпсіздігі ережелерін объектілерде сақтау туралы

Өрт қауіпсіздігі ережелерін объектілерде сақтау туралы

Өрт қауіпсіздігі – Шығыс Қазақстан облысының ТЖД басты бағыттарының бірі. Мүлікті өрттен қалай қорғауға болатыны және объектілерде қандай ережелерді сақтау керектігі туралы біз Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржановтан сұрадық.

Объектілерде қандай заң бұзушылықтар жиі кездеседі?
 Тәжірибе көрсеткендей, тексерулерде анықталатын негізгі заң бұзушылықтар электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, эвакуациялық жолдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болмауы немесе ақаулығы, автоматты өрт сөндіру жүйелерінің ақаулы жағдайы.

Кәсіпкерлер анықталған бұзушылықтарға қалай жауап береді және оларды жою оңай ма?
 Бұзушылықтарды жою оның сипатына байланысты. Бұзушылықтар режимдік және капиталды болып бөлінеді. Режимдік сипаттағы бұзушылықтар көп қаржыны талап етпейді, ал капиталды сипаттағы бұзушылықтар қаржылық қаражатты талап етуі мүмкін. «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің» 152-бабының 7-тармағына сәйкес, егер қосымша уақыттық және (немесе) қаржылық шығындар қажет болса, тексеру және бақылау субъектісі профилактикалық бақылаудың нәтижелері туралы актіні алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде профилактикалық бақылауды жүргізген бақылаушы органға жедел оперативтік шараларды қолдануға негіз болатын бұзушылықтардан басқа, бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы өтініш бере алады.

Бұл өтініште, сондай-ақ, бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шаралар мен мерзімдерді ұзарту себептерін көрсетуі керек.

Қазіргі заманғы өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықта қандай дағдылардың көлемі қамтылуы керек деп ойлайсыз?
 Ұйымдардағы қызметкерлерді оқыту өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық және өртке қарсы техникалық минимум түрінде жүргізіледі, оларда қызметкерлер мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту ережелері және оқу бағдарламаларының мазмұны айқындалған. (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 12 маусымда № 9510 тіркелген)

Объектілерде профилактикалық бақылауды өткізу жиілігі қандай?
 Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік кодексінің» 144-2-бабының 2-тармағына сәйкес, профилактикалық бақылаудың жиілігін тексеру органы жоғары және орташа тәуекел санатындағы объектілер бойынша жылына екі реттен артық өткізбейді. Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық бақылау жылына кемінде бір рет өткізіледі.

Егер объект әр жыл сайын тексеруге жатпайтын болса және онда өрт шықса, ол «қара тізімге» түсіп, үнемі бақылауда тұра ма?
 Қара тізім деген жоқ. Профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері тәуекел деңгейін бағалау бойынша субъективті және объективті критерийлерге негізделген. Субъективті критерийдің негіздерінің бірі — мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың (өрттердің) болуынан кәсіпкерлік субъектісіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 410-бабына сәйкес әкімшілік жаза тағайындалу түріндегі критерий.

Кәсіпкер тексеруге қалай дайындалуы және алдын ала қайдан біле алады?
 Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес, объектінің функционалдық мақсатына байланысты арнайы талаптар бар. Жартыжылдық тізімдер бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) ақпараттық жүйеде қалыптасқан тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесінде алдын ала бақылау жүргізілетін жылдың 25 желтоқсанына дейін, сондай-ақ ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде «электрондық үкіметте» орналастырылады.

Объектідегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу анықталса не істеу керек?
 Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) бақылау және қадағалау органының лауазымды адамының тексеруі бойынша профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша: бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы хаттама, бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылады.

Қандай бұзушылықтар үшін айыппұл салынуы мүмкін?
 Кәсіпкерлік кодекстің 144-2-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау – бақылау және қадағалау органдары бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүзеге асыратын және оның нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектілері оларға әкімшілік іс қозғамай, оларды жою туралы ұйғарымдама шығарылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңңдарымен қарастырылған жедел әрекет ету шаралары қолданылады.

Шығыс Қазақстан облысының ТЖД мамандары объектілерде өрттердің алдын алу бойынша қандай нәтижелерге қол жеткізді?
 Инспекторлық құрамның жұмысының нәтижесінде объектілерде өрт саны 11%-ға азайған.

Біз объектілердің басшыларына ғимараттарды түтіннен тазарту жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт кезінде адамдарды эвакуациялау жүйелерімен жабдықтауды, осы жүйелерді ақаусыз жағдайда ұстауды, эвакуациялық жолдар мен шығуларды бөгемей, өрт сөндіру құралдарының жеткілікті санын қамтамасыз етуді сондай-ақ, қызмет көрсету персоналын үнемі өрт қауіпсіздігі бойынша оқытып, объектінің электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынамыз.