
ШҚО ТЖД мамандары «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының онлайн алаңында жиналыс ұйымдастырды. Қоғамдық көлік ұйымдарының өкілдеріне жолда өрт сөндіру көлігі мен құтқарушылардың арнайы техникасына жол беру туралы түсіндіру жұмыстары айтылды.
Іс-шара барысында ШҚО ТЖД басшысының орынбасары Фархат Амре өкінішке орай, барлық автобус жүргізушілері өрт сөндіру көлігінің дабылын естігенде жол бермейтінін атап өтті. Ал төтенше жағдай кезінде уақыт өте маңызды, қандайда бір кідірістен адамдардың өмірі қауіпке ұшырауы мүмкін.
Жиналысқа қатысушылар ШҚО ТЖД мамандары ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 598-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке назар аударды — «Оперативтік және арнайы қызметтердің арнайы жарық және дыбыстық сигналдары қосылған көліктеріне жол бермеу».
Диалог барысында кәсіпкерлер сұрақтар қойып, ШҚО ТЖД мамандарынан жауаптар алды.
ШҚО ТЖД мәлімдегендей, мұндай кездесулер түсініспеушіліктерді болдырмау және құтқарушылар техникасының төтенше жағдайға тез жету кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ұйымдастырылады.