ШҚО-да су тасқынына қарсы мониторинг жүргізіледі

ШҚО-да су тасқынына қарсы мониторинг жүргізіледі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев пен ТЖД бастығы Рашид Блялов Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, "Шығыс су қоймалары" КМК және ШҚО бойынша Қазгидромет филиалының мамандарымен бірлесіп өзендердің арналарына, ГТҚ және су тасқыны қаупі бар елді мекендерге әуеден барлау жүргізді.
 Мониторингтің мақсаты ағымдағы жағдайды қарау және су тасқынының туындауына жол бермеуге бағытталған тиісті алдын алу шараларын қабылдау болып табылады.           
 Жалпы, мониторинг гидрологиялық жағдай тұрақты екенін  көрсетті. Аудан әкімдеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға осы бағыттағы жұмысты күшейту бойынша тиісті тапсырмалар берілді.