Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары тұрғын үйді шарпыған өртті сөндірді.

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары тұрғын үйді шарпыған өртті сөндірді.

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары тұрғын үйді шарпыған өртті сөндірді.

Өскемен қаласында Улбинская көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар келген кезде қою қара түтін шығып жатқан, үй иесі уақытылы үйден шығып үлгерген. Құтқарушылар өртті тоқтатуға кірісіп, 150 шаршы метр аумақтағы өртті толықтай сөндірді.

Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Өрттердің негізгі пайызы өртке әкелетін себептерді уақтылы жоймау салдарынан орын алады.
 Жалпы алдын алу шарасы – азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға арналған негізгі сақтық шаралары. Өрт болған жағдайда дереу 112-ге хабарласу керек. Тыныс алу мүшелерін дымқыл шүберекпен жауып, түтін басқан бөлмеден шығу керек.