
Құтқарушылардың қызметінде қиын жағдайларда адамдарға көмек көрсету үшін жақсы физикалық форма, төзімділік, моральдық және психологиялық тұрақтылық өте маңызды алайда, олар жұмыстан бос уақытта қызығушылықтары мен хоббилерімен де айналысады.
Шемонаиха қаласының №28 өрт сөндіру бөлімінің командирі Александр Ушаковтың хоббиі – балық аулау. Ол отбасымен табиғатқа шығып, балық аулауды қатты жақсы көреді. Балық аулаудың қыр-сырын біледі, қармақ, жем, туралы бәрін де жақсы меңгерген. Қызметте жүргенде де Александр Петрович аулаған балығы мен келеді, ол түскі әріптестерін өзі аулаған олжасымен тамақтандырады.
Демалыс күндерінде, тіпті бір апта бойы балық аулауға арнап, моторлы қайығын пайдаланады. Қыста балық аулау үшін Александр Ушаков үшін бұл бір түрі медитация мен рәсімге айналған. Ол сағаттап отырса да, тесіктен балықтың келуін күте алады. Бұл тыныштық пен үйлесімділікті сезінуге мүмкіндік береді, ал қала мен әбігерден алшақта болу – ерекше ләззат.
Александр Ушаков қызметтегі төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімде 2000 жылдан бері қызмет етеді. Ол өз мамандығына адал, жас өрт сөндірушілер үшін үлгі болып табылатын адам. Ол бірнеше рет Шемонаиха қаласындағы мұнай базасы, астық және ұн тарту зауыты, сондай-ақ Абай облысындағы табиғи өрттерді жоюда үлкен ірі өрттерді сөндіруге қатысты.
Самар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға лейтенанты Ұлан Білімбек қызметтің тынымсыз күндерімен қатар, спорттық хоббилеріне де уақыт табады. Ол мектеп кезінде баскетбол, хоккей және боксқа қызығып, аудандық және облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған. 2019 жылы Зайсан ауданындағы «Сайқан» спорт мектебін тәмамдаған соң, ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түседі. Академияда армреслинг және гир көтеру сияқты спорт түрлерінен жарыстарға қатысып, Ақмола облысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген.
Қазіргі уақытта ол Самар ауданында аға инженер қызметін атқарып, қызметтес әріптестерімен бірге төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстар атқаруда. Еркін уақытында аудандық мәдени және спорттық шараларға белсене қатысып, ауданның дамуына елеулі үлес қосуда.
ШҚО ТЖД мамандандырылығын жасағының құтқарушысы Арнат Қасеновтың хоббиі – бачата билеу. Күрделі жұмыс күндері мен физикалық жүктемелерден кейін көңіл көтеру мен эмоцияларды шығару үшін ол осы биді таңдайды. Бірде демалыс кезінде, шет елдердің бірінде бұл биді көріп, оны үйренуге деген құштарлығы оянған. Ол бұл биді үйреніп қана қоймай, фестивальдерге қатысып, кәсіби бишілерден кем емес билейтін болды. 19 жылдық қызметінде Арнат 40-тан астам баланы құтқарып қалды. Ол балалар құрылымдарға тұрып қалғанда, пәтерлердің есіктері жабылып қалған кезде, құдықтарға құлап кеткенде көмекке келген. Әріптестері өз араларында «балалар құтқарушысы» деп атайды.