Құтқарушылар үшін қол жетімді баспана

Құтқарушылар үшін қол жетімді баспана

«Жұмысшы мамандықтар жылы»  аясында «Отбасы банк» АҚ филиалының өкілімен ШҚО ТЖД жеке құрамы кездесу өткізді.

     «Отбасы банк» АҚ қаржы кеңесшісі Аяуым Нұқпайқызы құтқарушыларға  тұрғын үйді жалға алуды  немесе ипотека арқылы  пәтер сатып алуды  қолжетімді ету үшін қолданыстағы жеңілдігі бар бағдарламаларды атап айтты.

      Жуық арада «Наурыз жұмыскер»  ипотекалық бағдарламасы басталады. Ол ел Президенті жариялаған  жұмысшы мамандықтар жылы  аясында әзірленді.

     Құтқарушылар өздерін қызықтырған  сұрақтарын қойып, банк өкілінен сауатты кеңес алды.

     Мұндай кездесулер ТЖ қызметкерлеріне қоданыстағы бағдарламаларды егжей-тегжейлі түсінуге  және пәтер сатып алу көкейдегі армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік туындады.