
ҚР Ішкі істер министрі орынбасарының тапсырмасы және ҚР ІІМ ТЖК 2020 жылғы 27.07 нұсқауы және өрттердің алдын алу, адамдардың қаза боуын болдырмауға бағытталған Жоспар негізінде Семей қаласында тұрғын үй секторындағы алдын-алу жұмыстары жандандырылда. Осыған байланысты аталған Жоспар негізінде 2020 жылдың 26.08 Семей қаласы ТЖБ және «ӨСжАҚЖ» ММ Семей қаласы Жасағы қызметкерлері «Восточный», «Дальняя» кенттерінде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды, сонымен қатар тұрмыс жағдайы төмен отбысыларының үйлерін комиссиялық түрде аралау жұмыстары жүргізілді. Аталған шараларға әлеуметтік қорғау, білім органдарының, Семей қаласы ІІБ және «Nur Otan» Партиясы СФ «Жас қанат» жастар қанатының өкілдері қатыстырылды.
Алдын-алу жұмыстарын жүргізу барысында тұрмыс жағдайы төмен отбысыларының үйлерінің өрт қауіпсіздігі, сонымен қатар, бұрын орналастырылған газоанализаторлардың жұмысқа жарамдылығы тексерілді. Тұрғындармен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі туралы нұсқаулықтар жүргізіліп, аталған тақырыптағы жаднамал табысталды.
Көрсетілген жұмыстар от жағу мезгілі аяқталғанша жүргізілмек.
Семей қаласы ТЖБ АҚСҚҚАжБТ Саида Торайғырова