
Қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жеке тұрғын үй секторында аула аралауды қайта бастады. Негізгі назар, бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне аударылады. Дәл осындай үйлерде өрт қауіпсіздігі жағдайы айтарлықтай мәз емес. Іс жүзінде өрт сөндірушілер әрбір үйден ескірген электр сымдарымен, пеш жабдықтарының бұзылуымен байланысты 2 және одан да көп бұзушылықтар анықтауда.
ШҚО бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары, атап айтқанда аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүгедек адамдар, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж жалғыз басты қарт азаматтар тұратын 13 684 тұрғын үй тіркелген. Өткен жылыту маусымымен салыстырғанда үйлердің саны 19% - ға артты.
Осы жылыту маусымына, орнату басталып қойған "Қазмырыш" ЖШС қолдауымен 2500 улы газ хабарлағышы-датчиктер сатып алынды.
Тек Өскемен қаласында ағымдағы айда құтқарушылар «Jas Otan» ЖҚ ШҚОФ волентерларының және қалалынң әлеуметтік жұмысшыларының қатысуымен көпбалалы отбасыларда, жалғызбасты қарт азаматтар мен мүгедек балалары бар отбасыларына 50улы газ хабарлағышын орнатты.
Еске сала кетсем, өткен маусымда 2200 хабарлағыш орнатылды. Алайда, барлық азаматтар хабарлағыштарды ұқыпты ұстауға жауапты қарамайды. Сонымен, бұрын орнатылған 2200 дананың 89-ы енді жұмыс істемейді. Мысалы, хабарлағыштардың жартысы батареяларын ауыстыруды қажет етеді. Орташа алғанда, олардың жарамдылығы 3 айға есептелген. Адамдар батареяларды ауыстырғылары келмейді және құрылғыны өз беттерімен алып тастайды. Сондай-ақ, хабарлағыштарды тұрғындардың өздері "із-түссіз" жоғалтқан бірнеше жағдай тіркелді.
Тек биылғы жылы ғана осы хабарлағыштар 23 адамның, оның ішінде 17 баланың өмірін құтқарды. Бородулиха ауданында 2 жағдай, Абай, Ұлан және Бесқарағай аудандарында 1-жағдайдан тіркелген.
"Улы газ хабарлағыштары бүгінде кеңінен таралуда. Олардың көмегімен сіз үйде пештерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда бөлме толтыра алатын улы және қауіпті заттарды үздіксіз бақылауды қамтамасыз ете аласыз. Осындай дабылқаққыштарды орнату арқылы улы газбен улану ықтималдығын әсерлі концентрацияда болдырмауға болады. Дабылқаққыштардың жұмысы табиғи конвекция әдісімен ауаны жылжыту принципі бойынша жүзеге асырылады. Ауа массалары жабдыққа салынған сезімтал элементтер арқылы қозғалады. Улы заттардың рұқсат етілген шоғырлануы жоғарылаған кезде улы газдың хабарлағыш-дабылқаққыш іске қосылып, тұрғындарды қауіп туралы хабардар ететін дыбыстық апаттық сигнал береді",-деп атап өтті қала ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Өскемен қ. ТЖБ хабарламасы