
Азаматтық қорғау старшинасы Қаткенов Катон-Қарағай, Ұлан аудандарында және Абай облысындағы орман алқаптарында болған өрттерді сөндіруге қатысқан. Қаладағы ірі өндірістік объектілерде болған өрттерді сөндіруге қатысқан. Биік рухтылықты, батылдықты Аян Қаткенов осы өрт сөндіру кезінде бойына сіңірді.
Ол қызметке жаңадан келген көптеген өрт сөндірушілерді өрт сөндіруге үйретті. «Ең бастысы денекүшің дамыған болу керек, ешқандай қиыншылықтан, ештеңеден қорықпау керек. Табандылық таныту керек, сонда ғана қызметте кез-келген тапсырманы еңсере аласың», - деп атап өтті тәжірибелі өрт сөндіруші Қаткенов.
Осы дәстүрге қатысқандардың эмоцияларында шек болмады. Әріптестерінің және өзінің көздерінде қуанышпен қатар мұң болды. Екінші үйіндей болған өрт сөндіру бөлімінен кеткен әрқашанда оңай емес. ……
Өрт сөндірушіні құрметті демалысқа шығарып салу дәстүрі – әсерлі және қызықты дәстүрлердің бірі.