Құтқарушылар қар салдарымен күресуге көмектесті

Құтқарушылар қар салдарымен күресуге көмектесті

Өскемен қаласында ШҚО ТЖД қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты және балалар үйінің ауласын қардан тазалауға көмектесті. Аймақта қар толассыз бірнеше күн жауды, құтқарушылар отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне ауланы қардан тазартуға көмектесті.

Бұл іс-шара өзара көмек мақсатында ұйымдастырылған. ШҚО ТЖД аудандық бөлімшелеріндегі құтқарушылар мен әскери қызметкерлер облыс қалалары мен аудандарында тұратын жалғыз басты және қарт адамдарға көмек көрсетті.

«Біздің қызметкерлер адамдарға шұғыл жағдайда ғана көмекке келмейді.  Акция міндеті – әлеуметтік маңызы бар бастамаларға әлеуметтік жауапкершілікті және белсенді қатысуды үйлестіру. Бұл оқиға –  аймақтағы жайлылық жағдайларын құру үшін қоғамдық күштерді біріктіру үлгісі», - деп атап өтті  ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.  

ШҚО ТЖД бұндай іс-шаралар дәстүрге айналуы тиіс, сонда ғана бұл іс-шараға мейірімді жандар көптеп қосылады.