
Шығыс Қазақстан тауларында жауын-шашынның мөлшері көп түсті. Сондай-ақ, желдің екпініне байланысты қар көшкіндерінде қар қалқандары мен жел соққылары пайда болды. Қардың бұл күйінде қар көшкінінің өздігінен түсуі мүмкін. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ Қазселденқорғау ШҚ филиалының қызметкерлері мен ШҚО ТЖД құтқарушылары қар массасын түсіру бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Бүгін "Өскемен-Алтай – Рахман қайнары” автожолының учаскесінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 380 текше метр қар түсірілді. Аталған учаскеде ҚР ТЖМ Қазселденқорғау ЩҚ филиалының бақылаушылары мониторинг жүргізетін 10 қар көшкіні шоғырлары бар.
ҚР ТЖМ Қазселденқорғау және ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады. Қар көшкіні қаупі туралы дауылды ескертулер жарияланған кезде таулы жерлерге бармау керек.