ШҚО-да қар көшкіні қауіпінің мониторингі бойынша жоба іске асырылуда

ШҚО-да қар көшкіні қауіпінің мониторингі бойынша жоба іске асырылуда

 "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің" ғалымдары, ШҚО ТЖД және "Қазселденқорғау" мамандары пилоттық жоба аясында қар көшкіні қауіпінің мониторингісінің дербес автоматтандырылған жүйесінің датчиктерін орнатуды жүргізді. Жүйе беткейлерден қар массасының түсу қаупі туралы ескертуге және өңірде уақтылы алдын алу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
"Ғалымдармен ынтымақтастықты бірнеше жылдан бері жүргізіп келеміз, басты мақсат - қар көшкіні белсенділігін зерттеу және мониторинг жүйесін құру. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша қаржыландырылды. Облыс аудандары бойынша қар көшкіні қаупі бар учаскелерді алдын ала жүйелеу жүргізілді, олар үшін қар өлшеуіш маршруттар әзірленді. Заманауи әдістер мен ГАЖ технологияларын қолдана отырып, учаскелерді картаға түсіру жүргізілді. Пилоттық жобада мониторинг жүйесінің алғашқы датчиктерін орнату бүгін Глубокое ауданында басталды", - деп айттв "Қазселденқорғау" ШҚ филиалы басшысының м.а. Телгат Нурахмет.
        "Температураның жоғарылауы, жауын-шашынның артуы, қардың желмен тасымалдануы қар көшкінінің ықтималдығын арттыратындықтан, оларды болжаудың тиімді құралдары қажет болды. Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі нақты уақыт режимінде қажетті деректерді жинауға, бейнебақылау жүргізуге, оның ішінде қар өлшеуіш маршрутқа бақылаушылардың шығуы қиын болған кезде күрделі метеожағдайларда, қар көшкіні жағдайы бойынша қажетті болжам алуға және алдын алу шараларын уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді",-деп түсіндірді Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің цифрлық офицері Наталья Денисова.
       ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаевтың айтуынша, ғалымдармен ынтымақтастық облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді.