ШҚО-да қаркөшкінініңалдыналужұмыстарыжүргізілді

ШҚО-да қаркөшкінініңалдыналужұмыстарыжүргізілді

Температураның күр өзгеруіне, жылымыққа және желге байланысты аймақта қар көшкіні қаупі туындады. ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының қызметкерлері ШҚО ТЖД құтқарушыларымен бірлесіп “Согорное-Барлык" (9-17 км) автожолында 4 профилактикалық түсіру жүргізді, соның нәтижесінде 9430 текше метр қар түсті. Қар массасы автожолды жауып тұрған жерде жол қызметтерінің күшімен тазалау жүргізілді, жүріп өтуге жол ашылды.
Облыста барлығы 325 қар көшкіні қаупі бар аймақ бар. Қар көшкіні қаупі бар кезеңнің басынан бастап ШҚО-да 41410 текше м. қардың жалпы көлемімен 41 түсіру жүргізілді.