
Өрттерді қалай болдырмау және қауіпсіздік шараларын қалай сақтау туралы Өскемен қаласының ТЖБ, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы және қала объектілерінің әкімшілігі мамандары ZOOM онлайн режимінде ШҚО Кәсіпкерлер палатасының алаңында дөңгелек стөлде талқылады.
Отырыста мамандар объекті басшылығына қандай бұзушылықтар жиі кездесетіндігін, соңғы 2 ай ішінде облыс орталығында жекеменшік кәсіпкерлік объектілерінде болған ірі өрттер туралы айтып, автоматты өрт дабылына, хабардар ету жүйесіне, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етуге назар аудартып, тиісті өрт қауіпсіз жағдайға қалай келтіру керектігіне ұсыныстар берді. Кәсіпкерлерден сұрақтар түсіп, оған қала ТЖ басқармасы басшылығы жауап берді. Ең көп қойылған сұрақ объектінің аудит жүйесінің тиімділігі туралы.
Іс-шара аяқталған соң кәсіпкерлерге «1402» номері бойынша «сенім телефоны» қызмет ететіндігі ескертілді. Міне сол номер бойынша құқыққа қарсы іс-әрекет жағдайында, азаматтық қорғау қызметі қызметкерлері тарапынан дұрыс емес мінез-құлық көрсетілгенде хабарласа алады.
Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты