
Құтқарушылар адамдарды әртүрлі жағдайлардан құтқарады.Кейде көмек тіпті қарапайым жағдайларда да қажет болады.
Себептер әртүрлі болады: адамның абайсыздығынан,желден немесе құлыптың ақаулығынан. Ал кейде пәтерде қалып қойған кішкентай бала құлыпты өзі жауып,кейін өзі аша алмайтын жағдайлар да болады. Мұндай жағдайларға кейде жасы келген адамдар немесе мүмкіндігі шектеулі адамдар да тап болады. Құтқарушылар ЖКО кезінде,адамдар автокөліктерде қысылып қалған жағдайда көмек көрсетеді.
Тек бір тәуліктің ішінде ғана құтқарушыларға есіктерді ашып,бірнеше адамды оның ішінде баларды құтқаруға тура келеді.Осылайша,құтқарушыларға жуынатын бөлмеде құлап қалған қарт адамға көмек көрсетіп,келген дәрігерлерге тапсыру үшін 2 тізелі баспалдақтың көмегімен екінші қабаттың балконынан үшінші қабаттың балконына көтеріліп,есікті ашуға тура келді.
Көп жағдайларда пәтерде жалғыз қалған адам қатты ұйықтап,жақындары немесе көршілері есікке қоңырау шалған кезде естімейді.Жастар кейде құлаққаптармен ұйықтайды.Адамдардың өмірі мен денсаулығына қосылып қалған газ, электр плитасы,жылыту құрылғылары қауіпті болып табылады,яғни өрттің немесе жарылыстың себебі болуы мүмкін барлық нәрсе.
Құтқарушылардың әрбір кезекшілігінде халыққа есік ашуда көмек көрсетуге тура келеді. Ата-аналарға баспаналарына кіруге көмек көрсету үшін құтқарушылар пәтерлерге балкон мен терезе арқылы тізе баспалдағының көмегімен кіреді.
Мысалы,2020 жылғы 12 маусымда 410 квартал мекен-жайы бойынша құтқарушылар өз пәтерінің балконында жасөспірім баламен бірге бұғатталып қалған әйел адамды шығарып алды.
Құтқарушылар кішкентай бауырларымызды құтқару туралы мейірімді әңгімелердің кейіпкерлеріне айналатын кездер де болады. Негізгі міндет –адамдарды құтқару болса да, қиындыққа ұшыраған жануарға көмектесуден бас тарту адамгершілік болмас еді.
Мысалы,жақында ғана құтқарушылар мысықтарды қиындықтан құтқарды.Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында біреу мысықтың мойынынан тұншығатындай етіп ағашқа байлап қойыпты,құтқарушыларға ағашқа көтеріліп,байғұс жануарды арқаннан босатуға тура келді.
Тағы бір оқиға 410 кварталда орын алды,мысық желдету шахтасына құлап кеткен. Құтқарушыларға жануарларға арналған ілмектің көмегімен мысықты шахтадан шығаруға тура келді.Мұндай жағдайлар көп,құтқарушылар құдыққа құлап кеткен иттерді де,сиырларды да құтқарады.
Семей қаласы ТЖБ ата-аналарға және барлық қала тұрғындарына балаларды,сондай-ақ қарт науқас адамдар мен мүгедектерді қараусыз жалғыз қалдыруға болмайтынын еске салады. Төтенше жағдай тындаған жағдайда «112» телефоны бойынша қоңырау шалыңыз.
ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ