Командир Бекназаров және оның батальоны

Командир Бекназаров және оның батальоны

Қ.Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының командирі Қанат Бекназаров азаматтардың қауіпсіздігі үшін 16 жылдан астам қызмет етіп келеді. Абай облысының Үржар ауданындағы заставадағы ірі өртті жоюға қатысты. Ол ондаған әскери қызметшілерді тәрбиелеп, өмірін қарапайым кәсіпке арнаған жоқ. «Менің отбасымда әпкем де, ағам да елдің игілігі үшін қызмет етеді, мен ТЖМ қатарын таңдадым. Мұнда тек өз кәсібінің жанкүйерлері ғана келеді, олар көмекке келіп, басқаларды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігуге дайын», - деді Қанат Бекназаров. Иықта капитанның шендері, көптеген сертификаттар, спорттық жетістіктер үшін грамоталар, ең бастысы – әріптестер мен бағыныштылар арасындағы құрмет пен бедел. Бірақ бұл жетістіктер ,бірнеше жылдар еңбектің көрсеркіші. Бұл жетістіктер  көп оқу, өзін-өзі тәрбиелеу, кәсібилікті шыңдау және өмірдің қиын кезеңдерінен өтудің нәтижесі.
   «Офицердің айрықша белгілерінің бірі-үздіксіз өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу. Кәсіби жетістіктерден басқа, спортпен белсенді айналысамын. Жас қызметкерлермен бірге әрдайым дене шынықтыру сабақтарында боламын», - деп атап өтті капитан Бекназаров. "Қызметтің алғашқы күндерінен бастап басшылар қарамағындағыларға әскери борышын орындау, офицерлік ар-намыс, қарапайымдылық, интеллект бәрінен биік екенін еске салуы керек.
    Екінші құтқару батальонында 30-дан астам әскери қызметші бар, олар су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысады, аймақтағы континентальды климатқа тән сел қаупі бар және қар көшкіні ошақтарында, су тасқыны қауіпті аймақтағы 72 елді-мекендегі төтенше жағдайлар мен жиі болатын орман өрттері мен жер сілкінісі салдарын жоюға қатысады.
Әскери қызметшілер авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және алғашқы медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайларда қолданылатын жабдықтармен жұмыс істеу, тіпті альпинистік даярлық элементтерін меңгереді. «Біздің бөлімшенің алдында үлкен міндеттер тұр, қазір біз заманауи техника, жабдықтар алып жатырмыз, көптеген қызық жағдайлар алда», - деп атап өтті Капитан Бекназаров. «Сөз үйретеді, ал үлгі жетелейді», екінші құтқару батальонының командирі өз үлгісімен мамандыққа деген сүйіспеншілікті және қиын жағдайларға жауап беру және сауатты шешімдер қабылдау қабілетін оятуға тырысады.      «Офицер әскери қызметкер болумен қатар, мұғалім де, тәрбиеші де. Бағыныштыларды оқыту мен тәрбиелеудегі жеке мысалдың рөлі көп нәрсені білдіреді. «Мен сияқты жаса»- бұл сөз тіркесі негізгі қағидаттардың біріне айналуы тиіс, ол міндеттерді орындауға барынша ынталандырады", - деді командир Бекназаров. Қанат Бекназаровтың үлкен отбасы бар. Үш бала оны әрқашан үйде күтеді және ол үйде олармен уақытты шаттықпен өткізеді. Демалыста Бекназаровтар отбасы демалысын белсенді өткізгенді, табиғатқа барғанды ұнатады. Өз тағдырын ТЖМ жұмысымен байланыстыруды және елдің қауіпсіздігі үшін қызмет етуді шешкендер батальон қатарына қосылып, осы бөлімде нағыз «әке командирімен» қызмет ете алады.