Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй секторындағы өрт сөндірілді

Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй секторындағы өрт сөндірілді

Риддер қаласы Почтовая көшесінде екі иесі бар жеке тұрғын үйдің верандасынан өрт шықты.

 Келген өрт сөндірушілер 10 шаршы метр аумақтағы өртті ауыздықтады.  Зардап шеккендер жоқ.

 Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, қырағы болуды және өртке әкеп соғуы мүмкін бұзушылықтарға жол бермеуді ұсынады.