
ШҚО ТЖД жастар ресурстық орталығының мамандары мен құтқарушылары қарт тұрғын Тоқтасын Бұлекпаевтың үйінің ауласын қардан тазартуға көмектесті.
Акцияның мақсаты-жалғызбасты қарт адамдарға қамқорлық пен қолдау көрсету.
Мұндай іс-шараларға құтқарушылар әрдайым қатысып, ардагерлерге, жалғызбасты қарт азаматтарға, қысқы уақыттағы калың қар салдарымен күресу қиынға соғатын азаматтарға атаулы көмек көрсетеді.
Жеке үйлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін мұндай көмек баға жетпес.