ТЖМ әскери қызметшілері бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

ТЖМ әскери қызметшілері бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

Қазақтан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі, екінші құтқару батальонының офицерлері “Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен” ұйымдастырылған шараға қатысып, ТЖ қызметі қатарына қосылу  жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Үміткерлер бос орындар жайлы, әскери қызметшілерге әлеуметтік жеңілдіктер жайлы ақпараттармен танысты. Қызықтырған ақпараттар бойынша кері байланысқа шығуға ақпарат қағаздары таратылды. Жәрмеңке барысында үміткерлер көптеген сұрақтар қойып асыл мамандыққа қызығушылық танытты.