ТЖД қызметкерлері жанып жатқан пәтерден бір адамды құтқарды

ТЖД қызметкерлері жанып жатқан пәтерден бір адамды құтқарды

Глубокое ауданы Глубокое кентінде екі қабатты тұрғын үйде бірінші қабаттағы пәтерде өрт шықты.

Шақыру орнына жедел келген ТЖД қызметкерлері жанып жатқан пәтерден 1986 жылы туған ер адамды құтқарды. Жедел жәрдем қызметкерлері тексергеннен кейін оны үйіне жіберді.

 Өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.