
Шемонаиха ауданында “Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы”республикалық маңызы бар жолында қатты жел екпіні бар жолдан қауіпсіздік мақсатында Шемонаиха қаласына 2 жеңіл автокөлік пен 9 адам оның ішінде 1 бала эвакуацияланды.
Медициналық көмекке олар мұқтаж болған жоқ.
ШҚО ТЖД тұрғындарды 112 қызметінен келген арнайы хабарландыруларды елеусіз қалдырмауды сұрайды.
Ауа- райының қолайсыз дауылды ескерту кезінде елді мекеннен тыс шықпауды сұрайды.