
Глубокое ауданында, "Шемонаиха Секисовка" жолында жеңіл автокөлік үрме қардың астында қалды, оған көмек көрсетуге құтқарушылар келіп, көлікті қардың астынан алып шықты.
Шемонаиха қаласына қарасты жолда ТЖ қызметкерлері үрме қардың астында қалған тағы 6 автокөлікті анықтап, төтенше жағдайға ұшыраған адамдарға көмектесу үшін жоғары өтімді "ТРЭКОЛДЫ" іске қосты. 8 адам жақын маңдағы елді мекенге жеткізіліп, оларға ыстық тамақ ұйымдастырылды.
Өңірде бірнеше күн бойы боран мен қалың қар жауады, ШҚО ТЖД құтқарушылары бұл туралы азаматтарды барлық тәсілдермен, соның ішінде телерадиоарналар арқылы ескертті, алайда көбісі тәуекелге бел буып, елді мекендерден тыс жерлерге шығып жатыр.
ТЖД тұрғындардан қырағылық танытуды және ауа-райы тұрақтанғанға дейін ұзақ сапарларды ауыстыруды сұрайды.
ТЖ кезінде 112 қызметке хабарлаңыз.