
ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов пен облыс әкімі Ермек Көшербаев, сондай-ақ басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері жұмыс сапарымен Зайсан ауданына барды.
Ауданда әдеттен тыс жылы ауа-райына байланысты қардың белсенді еруі басталды. Мамандардың айтуынша, соңғы 50 жылда мұндай жылы қыс тіркелген жоқ.
Әкім жолдарды тазалауды, қарды шығаруды және жол жиектеріндегі тюбингтарды тазалауды, сондай-ақ барлық су өткізу құрылыстарын тексеруді тапсырды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті атқарушы органдар мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің күштері жұмылдырылды.
Облыста көктемгі су тасқыны қаупін азайтуға мүмкіндік беретін жер асты және еріген суларды бөлу әдістері сәтті қолданылуда.
"Шығыс Қазақстанда су тасқыны қауіптері картасын жаңарту жоспарланған, оған әрбір ауыл енгізіліп, ТЖ басталған кездегі іс - қимылдардың егжей-тегжейлі алгоритмі ойластырылатын болады", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
Тәулік бойы мониторинг, күнделікті дайындық, кешенді алдын алу іс-шаралары Шығыс Қазақстанда су тасқыны кезеңінің тұрақты өтуі үшін негіз болып табылады.