
Шемонаиха ауданында Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған ерлер командалары арасында волейболдан ашық турнирі өтті.
Жарысқа барлығы 7 команда қатысты.Олар Ұлан, Катонқарағай, Бородулиха аудандарынан,Семей қаласынан, БЖСМ-нен, ШҚО ТЖД және Шемонаиха қаласының командалары.
Іріктеу кезеңінен кейін финалға Шемонаиха, Семей қаласы және ШҚО ТЖД командалары шықты.
Соңғы кезеңде ШҚО ТЖД командасы жақсы нәтиже көрсетіп, жалпы әдемі ойын көрсетіп, 3-орынға ие болды.
ПП-17 өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғаудың кіші сержанты Әділет Қазбеков турнирдің "үздік қорғаушысы" номинациясымен марапатталды.